Әлемдегі ең биік ғимарат матамен қапталмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дубайдағы әлемнің ең биік ғимараты «Бурдж-Халифаның» сәулеті дизайнерлердің көңілінен шықпауда. Сондықтан оны жаңа реңке енгізуге білек сыбана кіріскен шығармашылық топ 828 метрлік зәулім ғимаратты матаға ұқсас орамамен қаптауды жөн көріп отыр, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.

Дизайнерлік идеяға сәйкес ғимараттың бір бөлігі жартылай мөлдір жарық шағылдырғыш экранмен қапталады. Күндіз ол ғимарттың төңірегіндегі барлық қоршаған ортаны шағылыстырып, көрсетіп тұрса, кешқұрым әрі түнде оны визуалды бейнелерді көрсету үшін пайдалануға болады.

Экран "Бурдж-Халифа" ғимаратының уақытша ғана әшекейі болмақ. Дегенмен, ол әзірше идея ғана, іске қашан асатындығы белгісіз. Айта кетерлігі, ғимарат қожайыны Emaar Properties компаниясы тарабынан дизайнерлік топтың мұндай идеясына еш жауап жоқ.