Әлемдегі ең биік сарқыраманың ұшар биіктен көрінісі - ВИДЕО
03:16, 02 Мамыр 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғаламторда Венесуэладағы Анхель сарқырамасы түсірілген видео жарық көрді. Ол әлемдегі ең биік сарқырама, оның биіктігі 979 метрді құрайды, деп хабарлайды RT.
Сарқырама Венесуэланың Канайма ұлттық паркінде, тропикалық орман ішінде орналасқан. Су осы елдегі ең биік тепуи (төбесі тегіс тау) - Ауянтепуиден (қазақ тілінде «шайтан тауы») құлап ағады. Құздың биіктігі сонша, су жерге жеткенше буға айналып кетеді.