Хайуанаттар бағындағы дәмхана мен кәдесыйлар дүкенін шарпыған тілсіз жауды ауыздықтауға 10 өрт сөндіру машинасы мен бірге 72 өрт сөндіруші маман тартылған. Кезекші пультіне өрт жайлы хабар жергілікті уақыт бойынша 06:00-де түскен, деп хабарлайды ТАСС .
Жалын шарпыған аумақта хайуанаттар да болған, әзірге олардың амандығы туралы мәлімет айтылған жоқ.
Әлемдегі ең ескі болып саналатын Лондон хайуанаттар бағының іргетасы 1828 жылы қаланған.