Жаңа әуежай ауданы 77 млн шаршы метр болмақ. Әуежай Қара теңіздің жағалауына, қаланың еуропалық бөлігінде салынатын болды. Әуежайдың жылына 150 млн-ға дейін жолаушы қабылдайтын әлеуеті болмақ.
muslim.kz сайтының жазуынша, Түркиядағы қазіргі күні ең үлкен саналатын Ыстамбұлдағы Ататүрік атындағы халықаралық әуежай жылына 45 млн жолаушыны қабылдайды. Ірілігі жағынан одан кейінгі орында тұрған әуежай да Ыстамбұл шаһарында орналасқан. Жылына 15 млн адамға дейін қызмет көрсетеді. Ал әлемдегі ең ірі әуежай Атлантада. Жылына 90 млн-дай жолаушыны қарсы алып, шығарып салады.
Соңғы он жылдың ішінде Түркияда әуе рейстерінің айтарлықтай артқаны байқалады. «Туристердің саны Ыстамбұл тұрғындарының санынан төрт есеге көбейді», - деді көлік министрі. Оның айтуынша, Ататүрік әуежайын кеңейтуге қатаң шектеу қойылған. Сол себепті, үкімет жаңа әуежай салуға шешім қабылдады.
Министр әуежай құрылысына қатысты тендердің жуырда жарияланатынын мәлімдеді. Шенеуніктің есебінше, жобаның құны 5,6 млрд доллар болуы мүмкін.