Калифорниялық шарап институты зерттеу жүргізді, онда анықталғаны: Ватикан елінің әрбір тұрғынына шамамен жылына 105 шөлмек шарап келеді. Бұл әр адамға 74 литрден келеді деген сөз. Айта кетейік, бұл көрсеткіш Франция мен Италиядағыға қарағанда, екі есеге көп, ал Ұлыбритания халқы тіпті үш есеге дейін қалып қояды.
Зерттеу авторларының айтуынша, Ватикан мемлекетіндегі халықтың басым бөлігі жасы ұлғайған қариялар құрағандықтан, үлкен жиын-тойлар жиі болып жатады. Осындай жоғары көрсеткіштің тіркелуіне аталмыш факторлар әсер етсе керек.