Әлемдегі ең кәрі кейуана 115 жылдық мерейтойын атап өтуде

None
АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең кәрі кейуана - жапондық Мисао Окава 115 жылдық мерейтойын атап өтуде, деп хабарлады «Российская газеті» басылымы.

Ол мұнша жасқа келем деп ойламаған. Окава өзінің туған күнін қарттар үйінде атап өтті. 2013 жылғы қаңтарда Gerontology Research Group ұйымы Мисао Окаваны әлемдегі қарт әйел деп таныды. Ол бұған дейін 115 жыл жасап, қайтыс болған Күншұғылалы елдің тағы бір тұрғыны Кото Окубоның орнын басты.

Ақпан айының соңында Окава Гиннестің рекордтар кітабының сертификатына ие болды. Оны алу үстінде ол өзінің ұзақ жасауының сырымен бөлісті. «Денсаулыққа көңіл бөлу керек» деді ол. Шынында да Окава ешқашан ауырмаған. Өмірінде бір ғана проблема болды: 102 жасында аяғын сындырып алған.

Мисао Окава 1898 жылы 5 наурызда Осакада кимоно тігетін шебердің отбасында дүниеге келген. Ол осы қалада бүкіл ғұмырын өткізді. 1919 жылы тұрмысқа шықты - үш балалы болды, оның екеуі - ұлы мен қызы қазір де тірі. Оларды да ұзақ ғұмыр жасаушылар қатарына қосуға болады: өйткені олар да 90 жастан асты. Окаваның төрт немересі және алты шөбересі бар.

Жапонияда ұзақ өмір сүрушілер аз емес. Кетанго қаласының тұрғыны Дзироуэмон Кимура деген ақсақал да 115 жасқа келген. 1997 жылы қайтыс болған француз әйел Жанна Луиза Кальман 122 жасқа келіп, рекорд орнатқан болатын.