Ағылшынша Greater Flamingo (Phoenicopterus roseus, қызғылт қоқиқаз) түрін білдіретін құстың аты - Грейтер. Хайуанаттар бағының әкімшілігі хабарлағандай, оны 84 жасында өлтіруге тура келген. Соңғы уақытта құстың қартаюына байланысты өмір сүруі қиындаған. Ветеринарлар оған көмектесетін тәсілдің қалмағанын алға тартты.
Грейтердің алпыс жыл тіршілік еткен Чили атты қоқиқаз досы бар. Ветеринарлар досын жоғалтқаны оған қалай әсер ететінін бақылауда. Грейтер - әлемдегі ең кәрі қоқиқаз әрі Австралияда тіршілік еткен ең соңғы қызғылт қоқиқаз. Әкімшілік деректері бойынша одан кейінгі кәрі қоқиқаз Оңтүстік Американың хайуанаттар бағының бірінде екен, оның жасы 67-де. Жабайы қоқиқаздар шамамен 25 жас өмір сүреді, алайда еркінен тыс жақсы күтімдегі өзін қауіпсіз сезінетін қоқиқаздар көп өмір сүреді екен.