Әлемдегі ең кәрі мысық дүниеден озды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда әлемдегі ең кәрі мысық саналған Поппи 24 жасында өлді.

Ол 1990 жылдың ақпанында дүниеге келген көрінеді. Биылғы мамырда Гиннестің рекордтар кітабы оны әлемдегі ең кәрі мысық ретінде ресми түрде тіркеді.

Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, Поппи өмір бойы Англияның оңтүстік жағалауында орналасқан Борнмуттегі өзінің иесі Джеки Вест есімді азаматшаның қолында болған.

«Біз мысығымыздың қартайғанын білдік, алайда оның өліміне қатты қайғырып жүрміз», - дейді Джеки.