Поппи әлемдегі ең кәрі мысық ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұндай атақ оған өткен жылы Канзастағы 23 жасар Пинки есімді мысық өлгеннен кейін берілді.
Мысықтың иесінің айтуына қарағанда, ол «жасы келіп», көзі көрмей, құлағы естімей тұрса да өзін сергек сезінетін көрінеді. Оның бұл құпиясын дұрыс тамақтану мен уақытылы серуендеуінде деп айтады мысықтың иесі. Сондай-ақ мысық ешқашан семірмеген екен.
Тарихта техастық Крим-Пафф әлемдегі ең кәрі мысық болып табылады. Ол 1967 жылы туылып, 2005 жылы 38 жасында өлген.
06:05, 20 Мамыр 2014
Әлемдегі ең кәрі мысық неше жаста?
АСТАНА. ҚазАқпарат - Англиядағы Борнмут қаласындағы 24 жастағы Поппи есімді мысық әлемдегі ең кәрі мысық атанды, деп жазады шетелдік БАҚ.