Әлемдегі ең қарт кейуана Нью-Йоркте өзінің 116 жылдығын тойлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең қарт әйел дүйсенбі күні Нью-Йоркте өзінің 116 жылдығын атап өтті. Сюзанна Mushatt Джонс бұл атаулы күнді жанұясымен бірге тойлады.

Ал қоғамдық тойлау сейсенбі күні Research Group геронтология орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.

Еске сала кетсек, Джонс 1899 жылы Алабамада туған. 1922 жылы орта мектепті аяқтаған соң солтүстікке Нью-Джерсиге, кейін Нью-Йоркке көшкен. Мұнда жабдықтаушының баласын баққан. 1965 жылы зейнетке шыққан Джонс өзінің көп жылдық өмірін тыныш ұйқымен байланыстырады. Сонымен қатар ол ешуақытта темекі шекпеген және ішімдік ішпеген.

Гиннестің рекордтар кітабының ресми өкілі оның ең қарт тұрғын екенін растайтын сертификаттың сейсенбі күні тапсырылғанын мәлім етті.