Әлемдегі ең қауіпсіз қала анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Numbeo.com порталы жүргізген сауалнама әлемдегі ең қауіпсіз қаланың БАӘ астанасы Әбу-Даби екенін көрсетті.

Рейтингте барлығы 378 қала бақ сынасты. Numbeo.com портал қолданушыларының ақпараттары негізінде деректер базасын және қылмыстық индексті есепке алды, деп жазды әмірліктің The National басылымы.

Портал есептеріне сәйкес, егер қылмыстық индекс 20 балдан төмен болса, қаланы қауіпсіз деп санауға болады. Әбу-Дабиде бұл индекс 14,4 балды көрсетті. 2001 жылы қаланың 100 000 тұрғынына 119,8 қылмыстан келген. Ал 2013 жылы бұл көрсеткіш 110,2-ге дейін, 2015 жылы - 83,8-ге дейін төмендеген.

 Сонымен бірге, ең қауіпсіз қалалар санатына Мюнхен (Германия), Тайбэй (Тайвань, Қытай), швейцариялық Базель және Цюрих, Доха (Катар) және Сингапур қалалары енді.