Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.
«Мьянма COVID-19 таралуының аса қауіпті ошағына айналып келеді, бұл елде вирустың аса жұқпалы әрі қауіпті жаңа нұсқалары – «дельта» және өзге штамм түрлері таралған. Бұл өте қауіпті», - деді БҰҰ Арнайы баяндамашысы Том Эндрюс.
Ол аталмыш елдің Жер шары тұрғындарының үштен бір бөлігі шоғырланған - Бангладеш, Үндістан және Қытай мемлекеттермен ортақ шекарасы бар екенін атап өтті.