Әлемдегі ең кішкентай бала Қытайда тұрады

АСТАНА. 18 шілде. ҚазАқпарат - Үш жасында салмағы не бәрі 2,5 келіні құрайтын әлемдегі ең кішкентай бала Қытайда тұрады, деп хабарлайды Daily Mail.

Лиянг Сиаосиаоның анасының сөзіне қарағанда, қызы дүниеге келгенде 1 келіден сәл ғана асып туылған. Үш жылда оның бойы тек 21 сантимерге өсіп, қазіргі уақытта 54 см-ді құрайды. Хунань оңтүстік-шығыс провинциясындағы Хуайхуа қаласы дәрігерлерінің пайымдауынша, генетикалық мутация салдарынан Лиянгтің бойы енді өспейді.

2011 жылдың қарашасында Бразилияда салмағы 360 грамм болып дүние есігін ашқан қыздың бойы 27 сантиметр болған. Каролина жүктіліктің 5-ші айында дүние есігін ашып, тірі қалған ең кішкентай сәби.