Осыдан 5 жыл бұрын Эдвард бойы өспегеніне қиналып, тағдырына налитын еді. Тіпті, адамдардың мазағынан қашып, үйінен көп шыға қоймайтын.
2010 жылы Қытайда әлемдегі ең кішкентай адам қаза тапты. Осыдан кейін Эдвардқа Гиннестің рекордтар кітабында жұмыс істейтін қызметкерлер хабарласып, кейін оның бойын өлшеп, кітапқа енгізді. Әлемнің ең кішкентай тұрғыны туралы әлемдік БАҚ жаза бастады. Көп ұзамай түрлі бағдарламалар мен ток-шоуларға қатысу туралы көп ұсыныс алды.