Агенттік хабарлауынша, дүниежүзі бойынша ұшқыштардың шамамен 5%-ын әйелдер қауымы құрайды. Аталған көрсеткішті елдерге бөліп қарастырғанда, Үндістанда ұшқыш əйелдер саны 13%-ке жуықтайды. Бұл Батыстың бірқатар елдерінен екі-үш есеге жоғары. Мәселен, Ұлыбританияда авиация саласындағы нəзік жандар саны - 4,77% болса, АҚШ-та 4,36%.
Айта кетейік, Үндістан - авиациялық нарығы жылдам дамып келе жатқан мемлекет. Елде үнемі ұшқыштардың жетіспеушілігі байқалып тұрады.