«Теңдеусіз» деген атпен белгілі аталмыш алқа, Mouawad зергерлер үйі шеберлерінің бірімен жасалған. Бұйымды жалпы салмағы 230 каратқа жуық, қызғылт алтынмен апталған 90 ақ гауһар тас көмкеріп тұр.
Дегенмен, «Теңдеусіздің» басты құндылығы салмағы 407 карат болатын сары ғауһар тас болып табылады. Тас осыдан 30 жыл бұрын Конго Демократиялық Республикасында табылған болатын.