деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ru агенттігіне сілтеме жасап.
Ең қымбат қалалар рейтингісінде екінші орында Жапония астанасы - Токио тұр. Жапония қалалары көрсеткіште үшіншіден бесінші орынға дейінгі аралықты иемденген. Жетінші орынға - Норвегия астанасы - Осло орныққан. Швейцарияның қалалары да алғашқы ондық қатарынан табылды. Нью-Йорк 17-ші орынға, Мәскеу - 23-ші орынға табан тіреген.
Компания еуропалық қалалар үшін де жеке зерттеулер жүргізген. Мұндағы тізім бойынша қымбат қалалар көшін Копенгаген бастаса, екінші орында - Осло, ал үшінші болып - швейцариялық Генф қаласы аталған. Еуропалық рейтинг бойынша Мәскеу 12-ші орында тұр. Франкфурт, Гамбург және Мадрид қалалары тізімнің соңғы орындарына жайғасқан.