Маркалар рейтингін Millward Brown Group британдық зерттеу желісіне қарасты Millward Brown Optimor компаниясы шығарды. Сарапшылар Toyota брендін 29,6 млрд. долларға бағалады. Бұл 2013 жылғы көрсеткішке қарағанда 21%-ға жоғары.
Екінші орынды 25,7 млрд. долларға бағаланған BMW еншіледі. Ал, Mercedes-Benz $21,5 млрд.-қа бағаланып, үшінші орынға тұрақтады.
Айта кетін нәрсе, үздік бестік қатарына Honda ($14,1 млрд) және Ford ($11,8 млрд) брендтері кірді.