Әлемдегі ең қымбат үй Үндістанда орналасқан

None
АСТАНА. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңдағы әлемдегі ең үлкен жеке тұрғын үй Үндістанда орналасқан. 27 қабатты «Антилла» жекежайының құны 2 миллиард доллардың шамасында, оның иелері - үнділік миллиардерлер Мукеше және Ните Амбани, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Үйдің ауданы - 3 мың 700 шаршыметрден асады. Көптеген қонақ күтетін, жатын және жуынатын бөлмелерден басқа, бұл үйде тоғыз лифт, алтықабатты гараж, көрме залы, бірнеше бар және шағын театр бар.

Ең қымбат жылжымайтын мүліктердің тізімінде екінші орынды Франция жағалауында орналасған «Лепольда» вилласы иеленіп отыр. Оның құны 780 миллион доллар шамасында. Ал үшінші ең қымбат жылжымайтын мүлік - Лондонда Гайд-парктегі №1 үйде орналасқан пентхаус. Бұл баспана жақында 220 миллион долларға салынып, әлемдегі ең қымбат пәтер атанып отыр.