Әлемдегі ең лас көше анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар әлемдегі ең лас көшені анықтады - ол лондондық Оксфорд-стрит болып шықты.

Мұнда әлемдегі улы азот диоксидінің ең жоғары ластану деңгейі (текше метріне 463 микрограмм) тіркелді.

Мұны Лондондағы Корольдік колледждің мамандары есептеді, деп хабарлады РСН .

Азот диоксиді жанармайдың жануы нәтижесінде пайда болады. Бұл заттың жоғары деңгейде шоғырлануы демікпе мен жүрек талмасының дамуына себеп болады.