Зерттеу жұмыстарын Auto Express басылымы қолға алып, 50 мыңнан астам адам арасында сауалнама жүргізген. Сауалнама барысында респонденттер өз көліктерін 10 түрлі параметр бойынша бағалапты. Аталған өлшемдер қатарында сенімділігі, құрастырылу сапасы, үнемділігі, пайдалану шығындары, басқарылуы, динамикасы, жолдағы жайлылығы, технологиясы сынды сипаттамалар бар.
Сауалнама нәтижесінде үздік және ең нашар автомобиль белгілі болды. Сонымен, британдық көлік жүргізушілер Skoda маркалы көліктерді жақсы көретіндігі белгілі болды. Жалпы есепте дәл осы брендтегі көліктер ең жоғары 100 баллдың 89,75 баллын жинады. Ал екінші орынға 89,34 балл жиған Jaguar, үшінші орынға 88,98 баллмен MG маркалы көліктер тұрақтады.
Үздік ондық қатарына Lexus, Dacia, Porsche, Kia, Mazda, Mercedes-Benz және BMW көлігі енді. Ал ең нашар көліктер қатарында Suzuki, Chevrolet және Chrysler маркалы көліктер аталды.