Ақпарат көзінің мәліметіне сәйкес, Эман Ахмед Аб Эль Ати соңғы бірнеше жыл бойы әлемдегі ең семіз әйел болған.
«Ол дүйсенбі күні, БАӘ уақыты бойынша 25 қыркүйекте сағат таңғы 4:35 кезінде ішек пен бүйрекке зақым келуін байланысты қайтыс болды», - делінген хабарламада.
Осы жылдың ақпанында оны семіздіктен емдеу үшін үндістандық ауруханаға жеткізген. Ол кезде Эман Ахмед Аб Эль Атидің салмағы 495 келі болған. Отадан кейін әйел 200 келі салмақ тастаған болатын.