Tencent корпорациясына тиесілі QQ ай сайынғы пайдаланушыларының саны 843 млн-ға жетті. Facebook-қа тиесілі мессенджер Whatsup екінші орында, онымен айына 800 млн. адам пайдаланады екен. Үшінші орында Facebook Messenger. Ай сайынғы пайдаланушылардың саны 700 млн.
Аудиториясының ең көп өсуі қытайлық WeChat мессенджерінде байқалды, соңғы тоқсанда аудиториясы 37%-ға ұлғайып, айына 600 млн. пайдаланушы көрсеткішіне қол жеткізді.