Америкалық ESPN арнасы өзінің зерттеуінен кейін әлемдегі ең танымал деген 100 спортшының тізімін жасап шықты. Тізімнің көшін мадридтік «Реал» мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду бастап тұр. Екінші орынға баскетболшы ЛеБрон Джеймс («Кливленд Кавальерс») орналасса, үздік үштікті «Барселонаның» аргентиналық шабуылшы Лионель Месси түйіндеп тұр.
Одан кейінгі үздік ондық тізімінде Роджер Федерер (Швейцария, теннис) - 4-орын, Фил Миккельсон (АҚШ, гольф) - 5-орын, Неймар (Бразилия, футбол) - 6-орын, Усейн Болт (Ямайка, жеңіл атлетика) - 7-орын, Кевин Дюрант (АҚШ, баскетбол) - 8-орын, Рафаэль Надаль (Испания, теннис) - 9-орын, Тайгер Вудс (АҚШ, гольф) - 10-орынға жайғасыпты.
Бір айта кетерлігі, бұл тізімге тек екі боксшы ғана кіріпті. Олар филиппиндік Мэнни Пакьяо мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес. Олар тиісінше 59 және 89-орындарға жайғасқан.