Әлемдегі ең толық әйелдің арманы - ФОТО
04:16, 29 Сәуір 2014
АСТАНА. ҚазАқпарат - 38 жастағы Черити Пирстің арманы - тұрмыс құрып, жұбайымен би билеу. Алайда бұл ол үшін үлкен арман болып тұр. Өйткені оның салмағы 350 келіге жақын болғандықтан, әйелдің билемек түгілі жүріп-тұруының өзі қиынға соғады.
Қазіргі кезде Черити Пирс әлемдегі ең толық әйел болып саналады. Оның салмағы 350 келіге жақын. Черити Пирс еш жерде жұмыс жасамайды және күні бойы үйде отырады. Алайда ол үмітін үзбек емес, өзінің сүйіктісі 22 жастағы Тони Саурға тұрмысқа шығуды армандайды. Ал жігіттің салмағы әйелдің салмағынан үш есе аз.