Әлемдегі ең үлкен омлетке 145 мың жұмыртқа жұмсалды

АСТАНА. 19 тамыз. ҚазАқпарат - Португалиялық аспаздар әлемдегі ең үлкен омлет пісірді. Салмағы алты тонна болатын тағам үшін 145 мың жұмыртқа жұмсалды. Бұл туралы «Алаш айнасы» газеті жазады.


Ресейлік бұқаралық ақпарат құрал­дарының хабарлауынша, кулинарлық жетістік Феррейра-ду-Зезири қала­сында Гиннесcтің рекордтар кітабына тіркелді.

105 аспаз тағамды диаметрі 10 метр, салмағы 4 тонна болатын табаға алты сағат бойы пісірді. Олар мыңдаған жұмыртқаға қоса, 400 келі зәйтүн майы мен 100 келі сарымай пайдаланды. Ерекше тағамның өз сал­ма­ғы алты тоннадан асты. Сөйтіп, ол мұның алдында тіркелген рекордты жаңартты. 2010 жылы түркиялық ас­паз­дар 4,4 тонна болатын омлет пісір­ген еді.