Әлемдегі ең үлкен ойынхана - Қытай­дың Макао шаһарында

АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Бір таң қаларлық жайт, әлемдегі ең үлкен ойынхана ойынқұмарлар қаласы Лас-Вегаста емес, Қытай­дың Макао шаһарында орын теп­кен,

деп жазады «Алаш айнасы» газеті.

 «Venetian Macao» құрылыс кешені Азия аумағындағы ең үлкен ғимараттың есебінде. Бұл ғимарат­тың үлкендігі әлем бойынша Ва­шинг­­тондағы «Boeing» компания­сы­ның зауыт кешенінен кейінгі екі­н­­­ші орынды алады. Кешеннің жал­­пы алаңы 945 мың шаршы метрді құраса, ал оның құны 2,4 миллиард доллар есебінде бағала­нады.

Ғимараттың құрылысы 2007 жылы толығымен аяқталған. Вене­циялық стильде салынған 40 қабат­ты ғимараттың 4 мың қонақ үй нөм­рі, аумағы 111 мың шаршы метрді құрайтын көрме өткізуге арналған павильон, үлкен сауда орталығы, 30 ресторан, 350 дүкен, 1,8 мың адам сыятын конференц залы бар.