Әлемдегі ең үлкен ұшатын аппарат Бедфордшир графтығы маңында құлаған. Оның бортында болған экипаж мүшелері емханаға жеткізілді. Airlander 10 кабинасы толық қираған.
Айта кетейік, жалпы ұзындығы 92 метрге жететін 4,9 шақырым биіктікке дейін көтерілетін әуе шары сағатына 148 км қашықтықта ұшуға қауқарлы. Аппаратты жасауға шамамен жүз млн фунт жұмсалған.
Апаттың себептері анықталу үстінде.