Бұл Ан-225 ұшағының Алматы Халықаралық әуежайына екінші рет қонуы.
Ан-225 "Мрия" - О.К.Антонов атындағы тәжірибелік-конструкторлық бюросы жасаған аса ауыр жүк тасымалдаушы көліктік реактивті ұшақ. Әлемдегі ең үлкен ұшақ болып табылады. 1984-1988 жылдары Киев механикалық зауытында жобаланып салынған. 1988 жылы 21 желтоқсанда ол алғаш рет ұшты. 1989 жылы мамырда ұшақтың «Боран» ғарыш кемесімен бірге Байқоңырға ұшуы болды, ал маусымда ұшақ «Буранмен» бірге Ле Бруже авиациялық салонына қатысты. Қазіргі таңда Ан-225 «Антоновтың авиажелілері» әуе компаниясының құрамында коммерциялық жүк тасымалдарында қолданылуда. Сағатына 850 шақырым жылдамдықпен ұша алады. Фото: @Yelena Sergiyenko