Энтомологтардың олжасы бұған дейін ғылымға белгілі болған ұшатын жәндіктердің бәрінен үлкен болып шықты. Осыған дейін жер бетінде оңтүстік америкалық шегіртке ең үлкен ұшатын жәндік саналып келген. Оның ұзындығы 19,1 см болған. Ғалымдар бұл жолғы «рекордшыны» Қытайдың ұсақ жәндіктер музейіне тапсырды.
Коридалидтер негізінен Қытай, Вьетнам, Индияда өмір сүреді. Бірақ Сычуаньда ол бұрын-соңды кездеспеген.