Әлемдегі ең үлкен жануар ізі Аустралиядан табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Палеонтологтар тарихтағы ең үлкен жануардың ізін Аустралиядағы Дампьер жартылай алаңының жағалауынан тапты.

Бұл жерді жергілікті тұрғындар юра кезеңіндегі парк деп атайды. Себебі, бұл аймақта ең көп динозаврлардың іздері шоғырланған. Мұндағы аяқ ізінің ұзындығы 1,75 метрге жетеді. Із зауроподқа - кесіртке аяқты, мойны шығыңқы ежелгі динозаврлар тобына жатады. Табан іздеріне қарағанда, олардың бойы 5,4 метр шамасында болған. Зауроподтар Жерде 200-85 млн жыл бұрын юрадан бор дәуіріне дейін тіршілік еткен.