2007 және 2008 жылдары Элвуд Калифорнияда өткен «Әлемдегі ең ұсқынсыз ит» сайысының жүлдегері атанған. Итке бұл сайыста жүлдегер атануына оның аузына сыймайтын ұзын тілі мен аз ғана жүні бар денесі көмектескен көрінеді, иттің тек басында ғана аздаған «шашы» бар. Элвудтың жанкүйерлері әлемде көп екен. Олар итке хат жазып, түрлі сыйлықтар жіберетін көрінеді. Ал Элвудтың иесі Куигли өзінің иті туралы «Барлығы да Элвудты жақсы көреді» деп аталатын кітап басып шығарған.
04:33, 03 Желтоқсан 2013
Әлемдегі ең ұсқынсыз ит өліп қалды
АСТАНА. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат - Нью-Джерсиде әлемдегі ең ұсқынсыз ит титулының екі дүркін жеңімпазы, 8 жастағы Элвуд есімді ит 'қайтыс болды', деп жазады lenta.ru.