Әлемдегі ең ұзақ айналатын спиннер жасап шығарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлем бойынша ең ұзақ айналатын спиннер жасап шығарылды. Бұл туралы бүгін korrespondent.net сайты хабарлады.

Saturn Spinner атты спиннерді жапониялық NSK компаниясының өкілдері жасап шығарған. Ол әлемдегі спиннерлердің барлығынан да ұзақ айналады. Әдеттегі ойыншықтар ең ұзағы 1-2 минут айналатын болса, жапониялық спиннер өз осьінен 13,5 минут бойы тоқтаусыз айналып тұра алады. 

«Біз өзіміз жасап шығарған дүние әлемдегі ең ұзақ айналатын құрылғы екеніне сенімдіміз», - дейді спиннерді шығарған компанияның өкілі Тосикадзу Исии.

Saturn Spinner спиннерлері жақын арада сатылымға шығады деп күтілуде. Ал оның құны 157 доллар шамасында болады.