Төлқұжат рейтингін әлемдегі ірі статистикалық Statista порталы дайындады.
Екінші орында Германия, Оңтүстік Корея, Франция құжаттары, олардың иелері 145 елде еркін жүріп-тұра алады. ТОП-5-ке Италия, Швеция, Сингапур, Жапония, Дания, Финляндия, Нидерланды, Люксембург, Швейцария мен Канада кіреді. Олардың барлығы 140-тан астам ел шекарасынан өте алады.
Сан-Томе және Принсипи, Палестина аумақтары, Соломон Аралдары, Мьянма және Оңтүстік Судан төлқұжаттары соңғы 80-ші орында. Паспорттары арқылы олар 28 елде еркін жүріп-тұра алады.