Әлемдегі ең жанға жайлы қала анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Savills халықаралық жылжымайтын мүлік агенттігі әлемдегі ең жанға жайлы қалалардың рейтингін жасады. Жайлы қалалардың ішінде Копенгаген көш бастап тұр.

Зерттеушілер қоршаған ортаның ластану деңгейіне, саябақтардың саны мен сапасына, қылмыстық деңгейіне, денсаулық сақтау, еңбекақы мен жұмыстан үйге дейінгі уақыт аралығын есепке алды.

Рейтингте екінші болып Стокгольм орналасса, үшінші орынды - Мельбрун алған.

Ал ойын-сауық инфрақұрылымының сапасы бойынша рейтингте Лондон бірінші орында тұр. Одан кейінгі орындарды Нью-Йорк пен Токио иемденген.