«Галактиканың ретсіз болғаны соншалық, ол тіпті өзін жойып жатыр», - деді Диас-Сантос баспасөз мәслихатында.
Ол ALMA телескопының көмегімен байқалған. W-2246 галактикасы Жерден 12,4 млрд жыл қашықтықта орналасқан. Ақпараттық агенттіктер жазғандай, оның жарықтығы Күннің жарықтығынан шамамен 300 трлн есе артып түседі.