Бұл 19 маусым күні болған, алайда ол жөнінде тек бүгін ғана белгілі болды. Автомобильдер сатумен айналысатын ол негізін қалаған компанияның сайтында оның «ұзақ және қызықты өмір сүріп» көз жұмып болғаны айтылады.
«Форбс» журналының нұсқасы бойынша, әлемдегі ең бай адамдардың тізімінде швейцариялық азамат 248-ші орында тұрған. Ал Швейцарияның өзінде одан көп ақшамыз бар деп тек екі адам мақтана алатын.
Шамамен 4,3 млрд. долларға бағаланатын байлығын Хефнер Швейцарияға автомобильдерді импорттаудан тапты. Бұдан бөлек, ол ақпараттық технологиялар саласындағы бизнеспен айналысты - Хефнерде американдық «CA Technologies» бірлестігі акцияларының ең үлкен үлесі бар еді.