Аяқтарының орнына дөңгелек орнатылған олар сағатына 6 шақырымға дейін жылдамдықты үдете алады, ал осыған дейінгі ASIMO гуманоиды сағатына 3 шақырымнан аса алмайтын. «Біз адамдармен бірге тіршілік ете алып, олардың пайдасына жарай алатын роботты жасауды алдымызға мақсат етіп қойдық», - дейді Hitachi өкілі Тосихико Хориучи (Toshihiko Horiuchi). - бірақ, егер роботтар адамдардан да баяу жүретін болса, ол олардың талаптарына жауап бере алмайтын еді».
«Болашақта мен адамдар мен көліктерге соқтығыспай, дүкенге бара алатындай жағдайға жеткім келеді», - дейді өзінің сөздігінде 100 сөз қоры бар «Жолдас» таңданысын жасыра алмаған тілшілерге. Hitachi өкілдерінің айтуынша, бұл машиналарды дұрыстап жасауға қосымша 5-6 жыл қажет.