Әлемдегі ірі саудтық мұнай компаниясы 10 трлн. долларға бағаланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясындғы IPO-ға шығатын Saudi Aramco мемлекеттік компаниясының құны 10 трлн. долларды құрайды. Тәуелсіз мұнай талдамашысы Мұхаммед әл-Саббан осындай бағаны келтірілді, ол бұрын саудтық Мұнай министрлігінде аға кеңесші болып жұмыс жасаған, деп хабарлады РБК Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап.

Saudi Aramco төрағасы Халид аль-Фалих компанияда әзірге әлі де бірқатар уақытқа созылатын зерттеу жүргізіп жатқанын айтты.

Saudi Aramco әлемнің ірі мұнай компанияларының бірі. Сауд Арабиясы оның акцияларын (IPO) алғашқы орналастыруды жүргізу мүмкіндігін қарастыруда, деп хабарлады Сауд Арабиясының екінші мұрагер-ханзадасы Мұхаммед бен Салман Әл-Сауд.

Акцияларды орналастыру туралы шешім бірнеше айлардың ішінде қабылданады, деп атап көрсетті ол. Оның айтуынша, компанияның ІРО-ға шығуы оны неғұрлым ашық етеді.

Қазір Saudi Aramco өзінің кірістері туралы ақпаратты жарияламайды.

The Economist журналы сөзін келтірген сауд шенеуніктері оны триллиондаған долларға бағалап отыр. WSJ сарапшылар мен инсайдарлерге сітлеме жасап, компания шын мәнінде «мемлекеттік саясаттың құралы» болып отырғанын атап өтеді, ал оның резервтері туралы мәліметтер мемлекеттік құпияға теңестріледі.

Сауд Арабиясы мұнайға бағаның құлдырауы және Иранмен қатынастардың шиеленісуі жағдайында ел бюджетін теңдестіруге тырысуда. Олар 2016 жылдың басында Сауд Арабиясында 47 адамды, соның ішінде шиіт уағызшысын өлтіргеннен кейін шиеленісті.