Әлемдегі кез келген армия осындай төтенше жағдайға ұшырауы ықтимал - Арыстағы жағдай туралы сарапшы пікірі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қырғызстан Бас штабының экс-бастығы Арыстағы оқиға салдарын жою бойынша билік жұмысына баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

CApress интернетпорталы танымал әскери сарапшы, ҚырғызРеспубликасы Қарулы күштері Бас штабының экс-бастығы Жаныбек Капаров Арыстағыоқ-дәрілер қоймаларындағы жарылысқа қатысты пікірін жариялады.

«Бүкіл Қырғызстанқайғыға ортақтасып, Арыс қаласындағы жағдайды бақылап отыр. Ғұмырымды әскерисалаға арнаған адам ретінде айтар пікірім бар. Қазақстан билігі жағдайға төтепберіп, халық тарапынан зардапшеккендердің көп болмауына ықпал етті. Барлық шаралар уақтылы қабылданды. Оқиғаорнына президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі келді. Салдарды жою процесін бақылауды Қорғанысминистрі өз мойнына алды. Олардың іс-әрекеттерін оң жағынан атап өтугеболады», - дейді сарапшы.


Жаныбек Капаровмұндай төтенше жағдайдың туындауы әлемнің бүкіл армиясында орын алуыықтимал.

«Қару-жарақ пеноқ-дәрілерді сақтауды ұйымдастыру процесі күрделі. Арсеналдардағы, қоймаларнемесе зауыттардағы оқ-дәрілердің жарылысы таяу арада Ресейде, Украинада орыналған болатын. Тіпті, батысмемлекеттерінде де мұндай жағдайлар тіркелген. Әрине, осындай төтенше жағдайғажол бермеу керек. Дегенмен, мұндай жағдай орын алса, ел билігі зардапшеккендердің санын азайтуға және оқиғаның бақылаудан шығып кетпеуіне жолбермеуі үшін барынша күш-жігерін жұмсауы қажет. Қорғаныс министрлігінің басшылығы осы жағдайды тежеді», - дедіҚырғызстан Бас штабының экс-бастығы.

Өткен 10 жылдыңәлемдік статистикасына сәйкес жыл сайын әлемде орта есеппен шамамен 185техногендік апат орын алуда.

Жылы

Елі

Апат, салдары

1

2011 жыл

Ресей

Оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезінде 8 адам қаза болды, 12-сі жараланды

2.

2012 жыл

Орынбор облысы

Оқ-дәрілер қоймаларындағы өрт

Владивосток маңындағы оқ-дәрілер қоймасындағы өрт. 2 адам зардап шекті. Пойыздардың қозғалысы тоқтатылды.

3.

Пугачев кенті

Оқ-дәрілер қоймасындағы өрт. 28 мың адам көшірілді. 3,5 мыңнан аса үй қиралды.

4.

Урман кенті

Арсеналдағы өрт. 3 көше өртке оранды. 16 адам үйсіз қалды. 800 құрылыс, 49 әлеуметтік сала объектісі қиралды. 12 адам зардап шекті.

5.

2017 жыл

Әзербайжан

Оқ-дәрілер қоймасындағы өрт. 6 елді мекен көшірілді. Шығын 8,7 млн. долларды құрады.

6.

2018 жыл

АҚШ

Әскери қоймадағы жарылыс. Өрт басталды. 4 адам зардап шекті. Адамдар қауіпсіз жерге көшірілді. Қойма Чемберсберг қаласының сыртындағы 4,2 мың га аумақта орналасқан. Қоймада 3,6 мың қызметкер жұмыс жасайды. Онда зымырандар мен амуниция сақталады.

Украина

7.

2003 жыл

Артемовск

Оқ-дәрілер қоймасындағы өрт. 10 және және 17 қойма, 3 мыңға жуық тонна снаряд жойылды. 66 көппәтерлі және 120 жеке меншік үй қиралды. 2 адам жарақаттанды.

8.

2004, 2005, 2006 жылдар

Новобогдановка

Оқ-дәрілер қоймасындағы өрт. Қоймалар үш рет өртенді.

9.

2004 жыл

90 мың тонна оқ-дәрі бірнеше күн жарылды. Радиусы - 40 км, 1 500-ден астам адам көшірілді. 5 адам қаза болды, 81-і госпитальге жатқызылды. 4 км газ құбыры зақымдалды. Шығын 3,8 млн долларды құрады.

10.

2005 жыл

5 адам жарақаттанды

11.

2006 жылы

Төрт өрт сөндірілді. 5-еуі жарақаттанды, екі адам қаза болды

12.

2008 жыл

Лозовая

Арсенал қоймасындағы өрт. 95 мың тонна снаряд бар. Жарылыс 2 аптаға созылды. Оқ-дәрілердің бір бөлігі жойылды, үштен екі бөлігі тағы бірнеше жыл залалсыздандырылды.

13.

2015 жыл

Светово

Оқ-дәрілер қоймасындағы өрт. 4 адам қаза болды. Минасыздандыру бір жылдан аса жүргізілді, 59 көп қабатты үй, 581 жеке меншік үй, 21 әлеуметтік сала объектісі қиралды.

14.

2017 жыл

Бакалея

Арсеналдағы жарылыс. 3 күн сөндірілді. Бір ай минасыздандырылды. 5 адам зардап шекті, 2 адам қаза болды. 300-ден аса үй қиралды.

15.

2017 жыл

Калиновка

Украина ҚК арсеналы, жарылыстар. 2 адам зардап шекті.

16.

2018 жыл

Ичня

Арсенал аумағындағы жарылыс, орта есеппен секундына 3 жарылыс. 63 адам өздерін жайсыз сезініп, ауруханаға жүгінді.

Әскери арсеналдармен оқ-дәрілерді сақтау қоймаларындағы төтенше жағдайдың негізгі себептері ыстықтемпературадан өздігінен тұтану, өртке қарсы қауіпсіздік шараларының сақталмауы,оқ-дәрілерді сақтау талаптарының бұзылуы, немқұрайлық, адами фактор, диверсия.

Сарапшы қоймалардағыөрттің туындау себептері туралы жорамалдаудан бас тартты.

«Әзірге, меніңойымша бұл туралы бірдеңе деуге әлі ерте сияқты. Оқиғаның шынайы себептерін айқындайтын арнайыкомиссия құрылды. Кейбір адамдар жағымсыз пікір, жалған ақпарат таратып,халықты дүрліктіруде. Оқиға салдарын жою процесі жүруде және айрықша пиардықажет етпейді. Әскерилер өз ісін жақсыбіледі», - деп сарапшы ойын толықтырды.

Жаныбек Капаровболашақта мұндай төтенше жағдайды болдырмау керек деп отыр.

«Бұл – өте күрделімәселе. Менің ойымша, негізгі проблема әскери арсеналдар мен қоймалардың халықтұратын елді мекендерге жақын орналасуында болып отыр. Бірақ, Арыста арсенал әубастан елді мекенде орналаспаған. Бұлжерге кейінірек азаматтар шоғырлана бастады. Шын мәнісінде бұл әскерилердің кінәсі емес.Себебі, нысандарға іргелес орналасқан аумақтар қорғаныс ведомствосының иелігінежатпайды. Жер телімдерін бөлуменәскерилер емес, жергілікті муниципалитет айналысады. Олар бұл жағдайға еш әсерете алмайды», - деп Жаныбек Капаров жеткізді.

Соңғы жаңалықтар