кеше, сәрсенбі күнгі саудалардың қорытындысы бойынша АҚШ-ғы Keystone мұнай құбырының іске қосылуына байланыcты әлемдегі мұнай бағасы айтарлықтай өскен. Атап айтқанда, Нью-Йорктегі NYMEX шұғыл тауар биржасындағы WTI (Light Sweet) мұнайының ресми бағасы 2,06 долларға көтеріліп, баррелі 104,10 долларды құраған.