деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мұнымен қоса, съезге қатысушылар саяси басшыларды, қоғам қайраткерлерін, ғалымдарды, бұқаралық ақпарат құралдарын шынайы дінаралық диалогты орнату үшін діндер басшылары мен ұйымдардың күш-жігеріне көмектесуге және қолдауға, сонымен қатар тиісті шешімдерді әзірлеу мақсатында адамзаттың өзекті проблемаларын қарастыруға шақырып отыр.
Үндеуде білім арқылы әр дін мен мәдениеттің бірегей маңызын түсінуге жәрдемдесу, діндер диалогы мен өркениеттерді қолдау мәселелері қамтылған.
«Әлемдегі экономикалық, қаржылық, әлеуметтік, экологиялық проблемаларды әділ шешу жолында елеулі моральдық және рухани жігер, шынайы ынтымақ танытуға шақырамыз»,-делінген бірлескен Үндеуде.