деп хабарлайды ИТАР-ТАСС. Дәстүр бойынша он метрге дейін су шашатын субұрқақтардың ағыны Рейнгольд Глиэрдің «Атақты қаланың ән-ұранымен» басталады. Елдің шет аймақтағы солтүстік шаһарында театрландырылған қойылым өтеді.
Биыл "Русский Версаль" субұрқақтары өз жұмысын әдеттегіден ерте бастайды. Жазғы маусымға орай 2010 жылы қайта жөнделу жұмыстары басталған Үлкен сарқыраманың мүсіндік жабдығы қайта қалпына келтірілді. Сондай-ақ алтын жалатылған 37 мүсін тұрғындар мен қонақтардың көзайымына ұсынылмақ.
Петергоф XVIII ғасырдың басында Фин шығанағында Ресейдің күшімен бой көтерген болатын. Бағзы заманда сол кездегі патша бұл қаланы ең әдемі жаздық патша резиденциясы ретінде салып, абаттандырған. Бір жағынан ол Еуропаның ең әдемі және ең атақты королдьдік резиденциялармен салыстырылса, екінші жағынан Балтық теңізі үшін күрескен Ресей империясының жеңісін паш ететін ескерткіш іспеттес. Айта кетейік, «Еуропаға қақпа» идеясы сәтті іске асырылды. 1725 жылы 15 гектар алқапта Жоғары бақша және 102,5 гектарлық Төменгі бақша құрылып, әлемдегі ең ірі субұрқақтар жүйесі мен мүсіндік жабдықпен су сарқырамасы жасалды.