Әлемдегі темекі шегушілер саны миллиардқа жетті

АСТАНА. 8 қаңтар. ҚазАқпарат - Соңғы статистика мәліметтеріне сәйкес, бүкіл әлем бойынша шылым тартатын жаман әдетке әуес адамдардың саны миллиардқа жуықтап қалған.

Алайда медицина қызметкерлері бұған алаңдаушылық білдіріп отырған жоқ. Себебі олар темекі шегушілердің абсолютті мөлшері өскенмен, пайызға шаққанда әлем бойынша азайды дейді. Демек темекі шегуші адамдардың санының бұлай өсуі қарапайым заңдылық - соңғы 50 жылда Жер шарының халқы екі есе өскен, соған сәйкес, темекі шегетін адамдардың саны да пайыздық есепте ұлғая түскен. Соңғы жылдары темекінің сыртындағы, сонымен бірге қоғамдық орындарда темекі шегуге салынған тыйымдар өз нәтижесін берген сыңайлы.