Әлемдегі тұңғыш бионикалық адам жарыққа шықты
Shadow Robot Co компаниясы әлемдегі тұңғыш бионикалық адамды құрастырып, бұл болжамды растай түскендей.
«Әлемнің түкпір-түкпірінен 17 өндіруші біздің робототехника командамызға табиғи дене мүшесіне өте жақын жасанды дене мүшелерін, органдарын ұсынды», - дейді аталған компанияның басқару директоры Ричард Уолкер. Революциялық жобаның жетекшісі де осы кісі.
Вести. Ру ақпараттық порталының хабарлауынша, жаңа робот адам ағзасының қызметін60-тан 70 пайызына дейін атқарады. Бойы 185 сантиметр болатын ол отыра алады, тұра алады және жүре алады.
Бионикалық адамның тіпті электронды сорап арқылы жасанды қанды айдап, оттегінің тасымалдануын қамтамасыз ететін жасанды жүрегі де бар.
Әрине, робот «ағзасының» көптеген жүйелерін нағыз биологиялық жасушаларға сәйкестендіру әлі қиындау. Айталық, оның бүйрегі әлі тек бүйректің прототипі ғана. Көптеген мүшелері тіпті жоқ та. Мысалы, бионикалық адамның ас қорыту жүйесі, бауыры, терісі және миы жоқ.
Мұндай бионикалық адамның құны - 1 миллион $. Жаңа робот Нью-Йорктегі атақты Comic Con фестивалінде биылғы жылдың 11 қазанында таныстырылды.