Әлемдегі тұңғыш микробтар мұражайы ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Микроорганизмдердің тұңғыш мұражайы Амстердам зообағында ашылды. Онда жұртшылық назарына тірі ағзалар ұсынылумен қатар, мультимедиялық таныстырылымдар да өткізілуде, деп хабарлайды The Epoch Times.

Жер бетінде тіршілік ететін тірі ағзалардың төрттен үш бөлігі адамның көзіне көрінбейді. Міне, осы олқылықтың орнын толтырмақ мақсатта ашылған мұражай тек сол микробтарға ғана арналған. Мұндай экспозицияны құру идеясы 20 жыл бұрын туындаса да, оны жүзеге асырудың сәті енді ғана түсті, дейді зообақ басшылығы.

Зообаққа келушілер микроскоптардың көмегімен микроорганизмдердің тіршілігін бақылай алады. Ал жағалай орнатылған экрандарда мультимедиялық таныстырылымдар жүргізіледі.

Ал мұражайдың ең басты экспонаты - арнайы сканердің көмегімен адам ағзасында тіршілік ететін микробтардан хабардар болуға болады екен.