Әлемдегі тұңғыш рет түсірілген түрлі түсті фильм табылды

АСТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның Брэдфорд қаласындағы БАҚ және технология­лар ұлттық мұражайынан әлемде тұңғыш рет түсірілген түрлі-түсті фильмнің көне таспасы табылды.

 Оны ағылшын өнертапқышы Эдвард Рэймонд Тернер 1899 жылы түсірген әрі оған патент те алған. Ал бұған дейін алғашқы түрлі-түсті фильм деп 1909 жылы Kinemacolour атала­тын әдіспен түсірілген бейнематериал саналатын. Енді Тернердің осы туын­дысы түрлі-түсті фильмдер тарихын бірнеше жылға артқа салып отыр, деп хабарлайды Утро. ру.