Қазақстан Президенті қазіргі әлемде қауіпсіздікке төнген қатердің азаймай отырғанын атап өтті. Олардың қатарында терроризм, әлеуметтік кикілжіңдер, жалғасып жатқан экономикалық тұрақсыздық бар. Осы орайда Мемлекет басшысы әлемдегі ахуалды ұдайы назарда ұстап, жағдайға орай ұлттық қауіпсіздік жүйесіне жедел түзетулер енгізу және бейімдеу үшін дер кезінде шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.
Отырыс барысында қаралған мәселелер бойынша Президенттің көмекшісі Е.Қазыханов, Президенттің көмекшісі - Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Қ.Қожамжаров сөз сөйледі.
Отырыстың қорытындысында Қазақстанды өңірлік өзгерістер мен жаһандық ахуалға бейімдеуге, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік жүйесін жаңғыртуға бағытталған шаралар кешені мақұлданды. Атап айтқанда, бірқатар институционалдық, нормативтік-құқықтық және ұйымдастыру шаралары көзделіп отыр.