2007 жылдан 2009 жылға дейін жастар жұмыссыздығы 11.9 пайыздан 13 пайызға дейін өсті. 2011 жылы жастар арасындағы жұмыссыздық 78,5 млн адамға дейін (12,7%-ға) қысқарады деп күтілуде.
Ересектер арасындағы жұмыссыздық 2009 жылы өз шыңына жетті (4,9%), ХЕҰ бағалауынша, 2010 және 2011 жылдары бұл көрсеткіш жыл сайын 0,1%-ға кеми түседі.
2009 жылдың соңына қарай 15-тен 24 жас аралығындағы экономикалық белсенді саналатын 620 миллион жастың 81 миллионы жұмыссыз қалды, бұл бағалау өткізіліп келген жылдардың ішіндегі ең жоғарғы көрсеткіш. Бұл 2007 жылғы көрсеткішке қарағанда 7,8 млн-ға көп.