– Богдан, осыған дейін әлемнің қанша елінде болдыңыз.
– 61 елге саяхатжасадым. Қостанайға, жалпы, Қазақстанға Ақтау порты арқылы келдім. Содан кейінОрал, Ақтөбе қалаларына бардым.
– Саяхаттауды қашан бастадыңыз? Қандай мақсат қойдыңыз?
– Алғашқы сапарымды2012 жылдың жазында бастадым. Мені әжем мен әпкем шабыттандырды дер едім. Аланам бастапқыда қарсы болды. Оны көрмегелі үш жыл болды. Ол Италияда тұрады.Ауқымды саяхатым еріктілер тобымен бірігіп, Африкаға жасалды. Мен онда ағылшынтілінен сабақ бердім. Біраз уақыт өткен соң әлемнің басқа елдеріне баруқызығушылығы пайда болды. Қазір, міне,көбіне жаяу жүремін. Шаршаған кезде автостоп арқылы жетемін. Негізі көп жүргенсайын, әлемнің қаншалықты үлкен және сіздің өміріңіздің соншалықты қысқа екенінтүсінесіз. Сол себепті де, адамдар бір-біріне мейірімді болу тиіс деп ойлаймын.
– Саяхатқа қалай дайындалдыңыз? Керек-жарақтарыңыз бірсөмкеге сыйды ма?
– Бұл сұрақты мағанкездескен адамдардың бәрі қояды. Мынадай кеңес берер едім: кемпинг жиынтығы,смартфон, қалам мен қағаз, карта, су өткізбейтін күртеше және жақсы аяқ киімболса, сіз – саяхатшысыз! Қорқудың қажеті жоқ.
– Күніне шамамен қанша ақша жұмсайсыз?
– Бір күнге 5-6доллар жетеді. Ал Қазақстанда 2 000 теңге жұмсаймын. Көрген елдерімнің ішіндеең қонақжайы – Қазақстан. Бұл шын сөзім. Ақтауда, Оралда, Ақтөбеде үйлерінешақырып, қонақ еткендер болды. Оларға ризамын.
– Саяхаттау барысында қандай қиындықтарға тап болдыңыз?
– Ондай көп.Мәселен, Чилидің Патагония тауында қатты жел соғып, жарақат алып қалдым.Замбияда пілді, Парагвайда аюды кезіктірдім. Мұндай жағдайларды кейін Instagram-дағыпарақшамда әңгімелеп беремін.
– Сұхбатыңызға рахмет! Саяхатыңыз сәтті өтсін.